Біздің балабақша – бұл әр баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамитын, қауіпсіз және мейірімділікке толы мекені. Біздің басты мақсатымыз — бүлдіршіндерге сапалы тәрбие мен білім бере отырып, олардың бойындағы шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерді ашу. Балабақшамыздың жобалық қуаттылығы 62 бала.
Жайлы орта
Балабақша аумағы балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы
Білікті мамандар
Әр балаға жеке көңіл бөлетін тәжірибелі тәрбиешілер мен педагогтар.
Қауіпсіз орта
Бейнебақылау жүйесімен және заманауи құрылғылармен жабдықталған қоршаған орта.
Дамтыушы орта
Баланың қызығушылығына қарай дамытушы орталар орналасқан.
Дұрыс тамақтану
Балалардың денсаулығы мен өсуіне қажетті дәрумендерге бай, 4 мезгілдік теңгерімді мәзір.
Тәрбиелеу-оқыту үрдісі
тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін алдымен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, жайлы, дамытушы білім беру ортаның құрылуына ерекше назар аударамыз.
Физикалық қасиеттерді дамыту.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Біздің балабақшамызда әр жыл мезгіліне және сол мезгілдердегі мерекелік кезеңдерге сәйкес іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Балабақшамызда «Жас шахматшы» интеллектуалдық клубы ашылды.
Подробнее
Балабақша өмірінен көріністер
Ержанова Дана Оразбаевна
Басшы
Құрметті ата-аналар, әріптестер және сайт қонақтары! Сіздерді біздің балабақшаның ресми веб-сайтында қарсы алуға қуаныштымын! Балабақша — бұл тек балалар уақыт өткізетін орын емес, бұл — әрбір бүлдіршіннің үлкен өмірге қадам басатын, оның тұлғалық қасиеттері қалыптасатын алғашқы әлеуметтік ортасы. Біздің басты міндетіміз — осы сиқырлы кезеңде баланың бойындағы табиғи дарынды ашып, оған сапалы тәрбие мен білім беру.
«Тамерок» балабақшасы
Жұмыс уақыты: Пн – Пт, 8.00 – 19. 00
+7 (747)503-66-91 +7(708)175-36-05 ales_87_08_25@mail.ru Астана қаласы, Б. Майлина көшесі 16/1